Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайысКафедраның кәсіби бағыттағы жұмыс жоспарын орындау мен әлеуметтік қызметкерлер күнін атап өту шеңберінде 2017 жылы 20 қазан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы тарапынан «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайысқа қатысушылар әлеуметтік жағдайларды шешу, әлеуметтік жобаларды презентациялау мен өңдеу бойынша өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті.
Сайыс нәтижесінде номинациялар бойынша жеңімпаз атанғандар:
- «Үздік бейнеролик» ҚҚЭУ-нің студенттерінен құралған «Ақ тілек» тобы;
- «Интерактивті плакат» Қарағанды банк колледжі студенттерінен құралған «Аялы алақан» тобы;
- «Үздік презентация» Орталық Қазақстан Академиясы студенттерінен құралған «Лучи добра» тобы.
І - ші дәрежелі диплом - Орталық Қазақстан Академиясы студенттері «Лучи добра» тобы; ІІ - ші дәрежелі диплом - ҚҚЭУ-нің студенттері «Ақ тілек» тобы; ІІІ - ші дәрежелі диплом - Қарағанды банк колледжінің студенттері «Аялы алақан» тобы.

 

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған «Игі іс мамандығы» атты интеллектуалды сайыс
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus