"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде" театрландырылған қойылым

"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде"  театрландырылған қойылымҚазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Қазыбек Келдібекұлының 350 жылдығына арнап КЭУ кітапханашыларының ұйымдастыруымен арнайы кеш өтті. Ұлы шешен, қоғамдық және саяси қайраткер, халықтың ханға бергісіз дана биі болған ,халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін ,ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген Қазыбек бидің аты біздің тарихымызда алтын әріптермен жазылған. «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру барысында біз тарихымызды,мәдениетімізді,тарихи ескерткіштерімізді қайта жаңғыртамыз.
Кештің өту барысында Ұлы шешеннен өсиет боп қалған шешендік сөздер айтылып,Қазыбектің туылған кезінен қойылым қойылды.Сондай-ақ тарихта маңызды орын алған жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезде Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барып қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдына «Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз»деген кезеңнен қойылған қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеште ЭҚҚР кафедрасының магистранты,аға оқытушы А.Амантай Қазыбек бидің Тәуке ханның Жеті жарғысы деген атауға ие болған заңдар жиынтығының жазылып, қабылдануына қосқан елеулі еңбегіне тоқталды.

 

"Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде"  театрландырылған қойылым "Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде"  театрландырылған қойылым "Қазыбек би оның аты тарих дәуірінде"  театрландырылған қойылым
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus