Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу

Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу11-14 қыркүйек 2017 ж аралығында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Erasmus + Cactle жобасы аясында «Ортаазиялық оқыту, білім беру жіне кәсіпкерлік орталығы» атты 6-шы координациялық кездесу өткізді. Кездесуге Европалық Одақ елдерінен (Австрия, Германия, Чехия) және Орталық Азия елдерінен (Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан) серіктексер қатысты. Қарағанды экономикалық университетінен кездесуге экономика және құқық кафедрасының аға оқытушысы. Байбосынов С.Б., ҚСС кафедрасының э.ғ.к., доц. Улаков Н.С., ҰЭ және ХҚ кафедрасының аға оқытушысы Сыздыкбек Е.С., МИ кафедрасының доценті, PhD Омарова А.Т. және АЕЖ кафедрасының аға оқытушысы Муканова Ж.А. қатысты. Кездесу барысында жоба координаторлары мен байланысатын тұлғаларға арналған сессиялар және бизнес-тренерлер мен электронды құрастырушыларға арналған семинарлар өткізілді.
CACTLE жобасы аясында экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін Кәсіпкерлік экономикасы Департаменті базасында «Кәсіпкерлік пен бизнес» курсы құрастрылды. Курс кәсіпкерлік рух пен кәсіпкерлік ойлауды тәрбиелеуге, кәсіпкерлік мінез-құлықтың дамуына, алған білімдерін жеке бизнесті ұйымдастыру барысында қолдана білуге ықпал етеді.

 Erasmus + Cactle жобасы аясындағы 6-шы координациялық кездесу

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus