«Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігі

«Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігіСаяхат жасау арқылы арқылы адам жан-жақты байи түседі. Ал жаңа білім алу мақсатындағы саяхаттау екі есе сәттілікке бағытталады. ҚҚЭУ-ң «Туризм» мамандығының студенттері 25.06.2017 жылы Будапеште (Венгрия) өткен халықаралық тәжірибеден оралды. Тәжірибе Я. Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті базасында ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында Венгриядағы дамыған жеке туризм түрлерінің ұйымдастырылуы ерекшеліктерімен және турөнімдердің құрастыру әдістері зерттелінді. Тур-31к тобының студенті Шәкенова Айшаның айтуы бойынша «Біз көптеген ұмытылмас әсер алдық, мұнда көргендеріміз келешектегі тәжірибелік жұмыстарымызда қолдануға, яғни шетелдік туристер үшін туристік машруттарды ұйымдастырудың жаңа әдіс-құралдарын енгізуімізге мүмкіндік береді. Осындай тәжірибе өтуге мүмкіндік жасаған университетке және әсіресе ректорЕ.Б.Аймагамбетовке өз алғыстарымызды білдіреміз».

 

«Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігі «Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігі
«Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігі «Туризм» мамандығының жан-жақты дамудағы мүмкіндігі
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus