«Шығыс-Батыс» атты жастардың Халықаралық ғылыми форумындағы жеңіс

«Шығыс-Батыс» атты жастардың Халықаралық ғылыми форумындағы жеңіс2017 жылдың 1-10 сәуір аралығында МО-42 тобының студенті Смагулова Жанар «Шығыс-Батыс» атты жастардың Халықаралық ғылыми форумының аясында өткен Еуропа мен Азия мектеп түлектері, орта арнайы әрі жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 1 Еуропалық конкурсына қатысты. Форумға 30 елден түлектер қатысты. Смагулова Жанардың «The methods of popularization of the EEU in the youth environment» атты жобасы «Қоғамдық ғылымдар» секциясының «Үздік жұмысы» номинациясын жеңіп алды. Жанарға арнайы диплом, ал ғылыми жетекшісі «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті Видрицкаяға Н.И. алғыс хат берілді.

Біздің студентіміз – Смагулова Жанар алдағы уақытта да жастардың ғылыми әлеуетіне орасан үлес қосады деп сенеміз. Құттықтаймыз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus