«СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚЭУ ТАҢДАЙДЫ!»

«СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚЭУ ТАҢДАЙДЫ!»2017 жылдың 27 сәуір күні «Спорт жұлдыздары ҚЭУ таңдайды!» ұранымен сырттай және кешкі қашықтықтан оқыту факультеті ҚЭУ, ҚБЗК және басқа да Қарағанды қаласы мен облыс колледждері студенттерінің қатысуымен атақты қазақстандық спортшы Екатерина Айдовамен кездесу өкізді.
Екатерина – конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасында әлемнің үш дүркін чемпионы, жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Әлем кубогінің қола жүлдегері (2015 жыл), екі қысқы олипиадалардың қатысушысы (2010, 2014 жылдар), Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері (2017 жыл). Сонымен қатар, Екатерина Айдова ҚЭУ студенті болып табылады және «Юриспруденция» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алуда.
Кездесу «Сұрақ-жауап» форматында өтті және аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды. Атақты спортшы өзінің спорттағы, оқудағы жетістіктері және де келешектегі жоспарлары туралы да айтып кетті.
Қарағанды қаласы мен облыс колледждерінің студенттері Е.Айдовамен кездесудің алдында университетпен танысып улгерді, атап айтқанда, музей, конференц-зал, спортзал, аудиторияларды, жаздық спорттық алаңын, электронды киосктер мен кітапхананы өз көздерімен көре алды.

СКҚОФ деканаты

 

«СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚЭУ ТАҢДАЙДЫ!» «СПОРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ҚЭУ ТАҢДАЙДЫ!»/
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus