Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы бойынша пәндік олимпиада

Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы  бойынша пәндік олимпиада24 қаңтар 2017 жылы ҚҚЭУ ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша Қарағанды қаласының жалпы білім беру орта мектептерінің 11-сынып оқытушылары арасында интеллектуалды пәндік олимпиадасы ұйымдастырылып өткізілген.
ҚҚЭУ –нің негізінде өткізілген мектеп аралық пәндік олимпиадада барлығы Қарағанды қаласының ЖББОМ 21 мектебінің 108 оқушылары қатысқан.
Олимпиаданы өткізу мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін шыңдау.
Олимпиаданың І-ші туры компьютерлік тестілеу, екінші туры “Білгенге маржан” атты тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілген. Олимпиаданың барлық сұрақтары мектеп оқушыларының деңгейлріне сәкестендіріліп құрастырылған. Қазақ бөлімінен қатысқан 50 оқушысының екінші пәндік олимпиаданың екінші турына 10 оқушы өтті. Қорытынды бойынша 1-ші және екінші тур баллдарының қорытындылары нәтижесінде 1,2,3-ші орын иегерлері анықталған.

Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы  бойынша пәндік олимпиада Мектеп оқушылары арасында өткен Қазақстан тарихы  бойынша пәндік олимпиада


Қазақстан тарихы пәні олимпиадысының жеңімпаздары (қазақ бөлімінде):
Бірінші орын – Олжабаев Аслан
(Қарағанды қаласының №68 МИББ кешені ).
Екінші орын – Ахметбек Дана
(Қарағанды қаласының №68 МИББ кешені).
Үшінші орын – Қартаева Шасанам
(№16 ЖББОМ КММ Қарағанды қаласы)
Қазақстан тарихы пәні олимпиадысының жеңімпаздары (орыс бөлімінде):
Бірінші орын – Мезяновская Кристина
(Сарань қаласының ЖББОМ КММ №1).
Екінші орын – Акбиева Индира
(Сарань қаласының ЖББОМ КММ №1).
Үшінші орын – Бактыбеков Арген
(Қарағанды қаласының ЖББОМ КММ №59)
Пәндік олимпиаданың жеңімпаздары 2017-2018 оқу жылына 15%,10%,5% - оқу ақысына пайыздық жеңілдіктер тағайындалған. Сондай-ақ көрермендер арасында белсене қатысқан оқушыларға ҚҚЭУ-нің қорынан силықтар берілген. Сонымен бірге мектеп директорлары мен мектеп оқытушыларына алғыс хаттар тарту етілген.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus