«КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік Олимпиада

«КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік ОлимпиадаШетел және орыс тілдері кафедрасы «КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік Олимпиаданы жүргізді. Олимпиадаға Қарағанды және Саран қалаларынан 19 мектеп пен гимназияларынан 50 оқушы қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: 1) қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша лексикалық және грамматикалық тест (әр тілге 10 сұрақ). Бірінші кезең нәтижесі бойынша тестілеуде ең жоғары ұпай жинаған 8 оқушы 2 кезеңге өтті.
Екінші кезең – таңдап алынған тақырып бойынша сөз сөйлеу. Бұл кезең құзыретті әділ – қазылар құрамымен бағаланды: ф.ғ.к., профессор Аубакирова Г.Т., п.ғ.к., доцент Мукушева Г.Р., п.ғ.к., доцент Ускенбаева С.Т., магистр, оқытушы Абдрахманова С.Т.
Екі кезеңнің нәтижесі бойынша келесі оқушылар марапатталды:
1 орын – Ахметова Жансая (№ 76 ЖББОМ);
2 орын – Юркив Екатерина (№ 93 гимназия);
3 орын – Абилова Даяна (№ 36 ЖББОМ).

 

«КӨПТІЛДІ ЖАС ТҮЛЕК» атты тілдік Олимпиада

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus