«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ2016 жылдың 06 желтоқсан күні сағат 10.00-15.00 аралығында «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында ГМУ-41к, ГМУ-42 топтары арасында «Муниципалды менеджмент» пәні бойынша «Унитарлы және федеративті мемлекеттердегі муниципалды басқару» тақырыбы аясында дәріс және семинар сабақтары өткізілді. Дәріс және семинар сабақтарын э.ғ.к., доценті Жанбекова З.Х. Ертай Х. және Садыкова Аида Сайынована ұйымдастырды. Іс-шара мемлекеттік және орыс тілінде жүргізілді.
Қарастырылған негізгі сұрақ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ Қазақстан Республикасының муниципалды басқару субъектісі ретінде» атты тақырып бойынша талқыланды. Орталықтың басшы орынбасары Аида Сайынқызы жергілікті басқарудағы өзекті мәселелер мен перспективалары жөнінде сұрақтарды студенттермен қарастырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, іс-шара қорытындыланды.

 

«Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ базасында өткізілген сабақ
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus