Испанияда өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

Испанияда өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанттары 21 қарашадан 30 қарашаға дейін Испанияның Сантьяго-де-Компостелла қаласында шетелдік ғылыми тағылымдама өтті.
Ғылыми тағылымдама кеңес-келісімді түрде өтіп, докторанттардың шетелдік ғылыми кеңес берушісі, PhD докторы Мануэль Фернандеза Греламен жұмыс тығыз қарым-қатынаста өтті. Жұмыс кезінде докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі таныстырылып, диссертациялық зерттеу бойынша сұрақтар талқыланып, одан әрі жасаланатын жұмыстар бойынша мақсатты тапсырыстар мен ұсыныстар берілді.
Докторанттардың ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша шетелдік ғылыми кеңес берушімен бірге тұрақты кеңестер өткізілді. Ғылыми зерттеу бойынша жұмыстар Сатьяго-де-Компостелла Университетінің кітапханалық қор базасында өткізілді. Сонымен қатар, докторанттар Испанияның кітапханаларында және ғылыми орталықтарда шетелдік ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарды.
Ғылыми тағылымдаманың нәтижесі бойынша докторанттарға ғылыми кеңес беруші М.Греладан жақсы пікір берілді.

 

Испанияда өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы Испанияда өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus