Пресс-релиз

2020 жылдың 9-10 сәуірінде Қазтұтынуодағыны Қарағанды экономикалық университетінде онлайн форматта "Қазіргі жастар: инновациялар жасай отырып – болашаққа ұмтыламыз" атты V Халықаралық студенттер конференциясы өтеді. Конференцияға жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысады.
Өтетін орны: ZOOM платформасында онлайн конференция (zoom.us)
Өткізу күні: 9-10 сәуір 2020 жыл
Өтетін уақыты: 14:00
Ұйымдастырушылар: Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Халықаралық студенттік конференция келесі бағыттарды қамтиды:
− әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: философия, әлеуметтану, конфликтология, дінтану, филология, тарих, педагогика, психология, саясаттану, юриспруденция және халықаралық қатынастар;
− экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік: экономика, менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, маркетинг, бизнес, қызметтер, қонақжайлылық және туризм индустриясы, логистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, халық шаруашылығын басқару;
− техникалық ғылымдар: ақпараттық технологиялар, математикалық және физикалық моделдеу, өндірістің физика-техникалық және химиялық процестері, энергетика, өндірісті ұйымдастыру және өнім технологиясы, стандарттау және сертификаттау.
Конференцияның мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus