PhD оқуға түсуге ниет білдірген магистранттар үшін әлем зертханаларында жазғы тағылымдама

Әлем – 2020 ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамалар бағдарламасына қатысу үшін конкурс жарияланады.

Әлем – 2020 ғылыми зертханаларындағы жазғы тағылымдамалар бағдарламасының ережесі.

I Жалпы ережелер

  • "Әлемнің ғылыми зертханаларында жазғы тағылымдамалар" бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу зертханаларында (бұдан әрі – Бағдарлама) жазғы тағылымдамадан өтуге ұзақтығы 3 айға дейін 17 грант ұсынады;
  • Бағдарлама болашақта PhD дәрежесін алуға және Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқысы келетін талантты қазақстандық студенттер мен қазіргі ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.
  • Бағдарламаның мақсаты – әлемнің үздік ғылыми және зерттеу зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік беру арқылы PhD түсу кезінде қазақстандық студенттер мен ғылыми қызметкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары бағдарламаға қатысушылар болып табылады:

      - жұмыс істеп тұрған ғылыми қызметкерлер (білім деңгейі магистратурадан жоғары емес);

      - қазақстандық жоо-да оқитын техникалық және жаратылыстану – ғылыми мамандықтар бойынша бакалавриат және магистратура студенттері.

1.5. Бағдарлама гранттары былайша бөлінеді;

    - Бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне 10 грант бөлінеді;

    - 7 грант бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистратураның 1-2 курс студенттеріне және жұмыс істеп жүрген ғылыми қызметкерлерге бөлінеді.

Барлық толық ақпарат «Әлемнің ғылыми зертханаларындағы жазғы тағылымдамалар»  PDF құжатында көрсетілген.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus