«Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі»

«Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі»Қарашаның 22 күні университетіміздің қабырғасында ӘЖ және ӘСП кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты патриоттық акция өткізілді. Бұл салтанатты жиынның басты мақсаттары болып жастарға патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің шығу тарихы жайлы білімдерін одан әрі арттыру және де Мемлекеттік Рәміздер туралы түсінікті насихаттау көзделді. Іс-шараның жүргізушілері СР-32 тобының студенті Сахатаева Назым мен ОПЭК -21к тобының студенті Қанатұлы Жанайдар. Жиын барысында Мемлекеттік Рәміздер туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушы көрермендерге тақырыпқа сай викторина ойыны өткізілді. Көрермендер тарапынан белсенділік танытылып, бар білімдері сарапқа салынды. Жиын сонында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, жастар жүрегінде патриоттық сезім бір ұялатты.

 

«Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі» «Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі» «Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus