Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды

Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды15-17 қараша күні аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалі аясында өткен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мүшәйрасында үздік деп танылып 2 дәрежелі дипломмен экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасы, «ГМУ-32к» тобының студенті Қыдырбай Ернар Мерекеұлы марапатталды. Фестиваль Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» академиясының демеуімен өткізілді. Аталмыш аймақтық студенттер фестивалінің қорытындысы «Шалқыма» концерт залында орын алды.
Мерекеұлы Ернарды кафедра ұжымы мен группаластарының атынан құттықтаймыз. Оқу мен шығармашылықта мол табыстарға жете берсін деп тілейміз!

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus