Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілді

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілдіАғымдағы оқу жылының 5 қараша күні университет қабырғасында Экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиадаға қаламыздың 17 жалпы білім беру мектептерінен 100 оқушы қатысты. Атап айтсақ: №81, №77, №36, №45, №17, №13, №48, №38, №57, №27, №76, №16, №92, №63, №10, №82, №66. Олимпиада екі тілде өтті: қазақ тілі, орыс тілі. Бірінші кезең (іріктеу кезеңі) бойынша қатысушылар география, биология, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша тесттік сұрақтарға жауап берді. Үздік балл жинаған 8 қатысушы екінші кезеңге өтіп, интеллектуалды викторинада қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз араларында жеңімпаздарды анықтады.
Олимпиаданың 1 және 2 кезең қорытындысы бойынша төмендегі тізімдегі оқушылар жеңімпаз атанды:
Мемлекеттік тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1-орын: Хурметбекұлы Бауыржан ЖБМ №57
2-орын: Аманжол Асылхан ЖБМ №76
3-орын: Аширбекова Анель ЖБМ №41
3-орын Амирова Асия ЖБМ №92
Сертификат табысталғандар: Ильешева Диана Көкпекті ЖБМ, Қиянбеова Рысгүл Көкпекті ЖБМ, Жимпылова Айдана ЖБМ №92,Рахменов Әлішер ЖБМ №77.
Орыс тілді оқушылар арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын: Степкин Артур ЖБМ №17
2 орын: Леванович Богдан ЖБМ №63
3 орын: Билялов Асет ЖБМ №86
3 орын: Бисерова Мария ЖБМ №13
Сертификат табысталғандар: Поздяков Павел ЖБМ №63, Кучерова Мария ЖБМ №27, Ким Лидия ЖБМ №13, Абрамов Виталий ЖБМ №3.
Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар, сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілді Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілді Жалпы білім беру мектеп оқушыларының арасында «Эрудит-2016» олимпиадасы өткізілді

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus