Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы02.11.2016 «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде «Идеялар жәрмеңкесі» атты конкурс өткізілді. Аталмыш шараға Қарағанды облысының ЖОО магистранттары, студенттері және колледж студенттері қатысты. Конкурста 18 жоба ұсынылған болатын, олардың ішінде Қарағанды экономикалық университеті, экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Байбосынов С.Б. жетекшілігімен қатысқан студенттер жүлделі 1 және 2 орынды иеленді. Жобаларды Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары, «Даму» АҚ қоры директорының орынбасары, «Сарыарқа технопаркі» ЖШС директоры, «Іскер» кәсіпкерлер ассоциациясының атқарушы директоры және облыстық кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері бағалады. 1 орынды Э-32к тобының студенттері Жиембаева Мадина, Қойшыбаева Мариям, Құлтаев Ернұр иеленді, ал 2 орынды Ф-32 тобының студенттері сакенов амир, Кожанов Дидар және Токенов Жасұлан иеленді.
Аталған студенттер «Бизнестің жол картасы 2020» атты бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі және ҚР Кәсіпкерлер палатасымен өткізген «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы шеңберінде бес күндік курс өтіп сертификаттарға ие болғандарын да атап өтуге болады.

 

Баспасөз хабарламасы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus