«Бірлігіміз жарасқан!» этнофестивалі

28.04.16 күні университетіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған, бизнес және құқық факультетінің ұйымдастырылуымен өткізілген шаралардың қорытындысы ұлттар жәрмеңкесі және мерекелік концертпен түйінделді.
Факультет кафедралары әр түрлі: армян, неміс, өзбек және тағы да басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен тағамдарын таныстырып, салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті. Сонымен қатар, университет студенттері қаламыздың танымал қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан қайталанбас туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге келген студенттер әр түрлі ұлт тағамынан ауыз тиіп, ойын ойнап және де көңілдеріне жақын бұйымдарға қол жеткізіп тамаша көңіл-күймен қуаттанып, мерекелік концертке аттанды.
Концерт 1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күніне орайластырылып өткізіліп, Қарағанды қаласындағы өзге ұлт диаспоралары, шығармашылық бірлестіктер келіп өз өнерлерін паш етті.
Бүгінгі іс-шаралар арқылы студенттер Қазақстандағы ұлттардың достығы мен ынтымақтастықтарына тағы бір мәрте көз жеткізіп, Мәңгілік елдің негізі – ұлттардың бейбітшілігі екендігін ұғына түсті.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus