«Екі жұлдыз» вокалдық сайысы

«Екі жұлдыз» вокалдық сайысы2016 жылдың 26 сәуірінде бизнес және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойын тойлау шараларының шегінде «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы өтті. Шараға үш факультеттен 5 жұп өздерінің екі вокалдық өнерін ұсынды. Сайыс нәтижесінде «Маркетинг и логистика» кафедрасының оқытушысы Мухаметжанова З.Б. және ИС 21к тобының студенті Кабдрашев Казбек жүлделі бірінші орын дипломын иеленді. Көрермендер көңілінен шыққан жұп - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Сарбасов Б.А. және гр.Ю-31к тобының студенті Исабаева Алима. «Дәлме дәл» номинациясы «Шет тілдері және орыс тілі» кафедрасының оқытушысы С.Т.Абдрахманова және МО-23к тобының студенті Токе Кадыршаға бұйырды. «Ең үйлесімді жұп» номинациясы бойынша «Экономикалық теория және жергілікті мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушысы Аркенова Ж.Р. және МЭ-22с тобының студенті Нугманова Ұлжан үздіктер атанды. «Ең креативті жұп» номинациясының үздіктері - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Амантай Абдулла және Ю-11к тобының студенті Тусупова Назерке. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

 

 

 

«Екі жұлдыз» вокалдық сайысы «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы
«Екі жұлдыз» вокалдық сайысы   «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus