«Менің екінші үйім»

«Менің екінші үйім»Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсанында бизнес және құқық факультетінің деканатымен және студенттер Конгрессімен, университет жатақханаларының арасында жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың ережесі бойынша сайысқа университеттің № 1, 3, 4 жатақханаларында тұратын студенттер ғана қатысты. Сайыс 4 тур бойынша өткізілді. Жарыс барысында студенттер шынығу дәрежесін, төзімділігін, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Ең бастысы, олар алға қойылған тапсырманы бірігіп шешуді және берілген тапсырманы креативті орындауды танытты.
1-тур - ПЕЙНТБОЛ. Әр жатақханадан 10 (жігіттер мен қыздар) студенттен тұратын құрама топ қатысты.
2-тур «MORTAL-KOMBAT» және 3-тур – «ТВИСТЕР» қалада орналасқан «Некафе, тайм-кафе» мекемесінде өткізілді. Әр жатақханадан бір-бір ойыншы қатысты.
Сайыстың қорытындысы университетте Студенттердің мәдениет сарайында өтті. 4 тур барысында студенттер шығармашылық қабілеттерін шындай түсіп, өз өнерлерін концерт барысында көрсетті. Әр жатақханадан бір ән, бір би орындалып, студенттер келген қауымды тамсандыра білді.
Әділ қазылардың ортақ шешімі бойынша жеңімпаз болып №4 жатақхананың құрама командасы таңдалды.

 

«Менің екінші үйім»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus