Ғылымға қадамдар

Ғылымға қадамдар2016 жылдың 15 сәуірінде бизнес және құқық факультетенің студенттері Қазақ гуманитарлық заң университетінде өткен «Ғылымға қадамдар» атты республикалық ғылыми студенттік конференцияға қатысып келді. Әр бір жыл сайын өтетін бұл конференцияда ғылыми докладтар құқық, экономикалық, психологиялық басқада гуманитарлық ғылыми мәселелер қаралады. Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Республикалық ғылыми студенттік конференция нәтижесі бойынша:
ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталғандар – Сахатаева Назым (ӘЖ-22) және Моткова Екатерина (ТУР-12), ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент Кенжебаева С.К.; Абиев Ержан (Ю-41к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ. ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған – Сапарғали Айнұр (Ю-11к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ.
Белсенді қатысушы «Қисынды ойлау» марапаттау қағазына ие болғандар – Қасымова Айсұлу және Қанатбаева Әйгерім (Ю-11к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ.
Университетіміздің ғылыми қауымдастығын лайықты деңгейде көрсетіп келген студенттерімізді құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу бағытында жасаған қадамдарының жемісті болуын тілейміз!

 

Ғылымға қадамдар Ғылымға қадамдар
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus