Қазтұнуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Қазтұнуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы2016 жылдың 9 наурызы мен 18 наурызы аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050600 «Экономика», 6М090200 «Туризм» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдаманың «Условия и тенденции развития современной экономики и ее отраслей: межстрановой аспект» атты негізгі бағдарламасы бойынша ҚЭУ магистранттарына СПМЭУ-нің алға тартар профессорлары мен доценттерімен Ресей экономикасының заманауи дамуы, жаhандық экономика мәселелерін шешу, халықаралық бизнесті дамытудың стратегиялық үлгілерін дайындау, инвестициондық қызметті жетілдіру, бизнестің әр түрлі салаларында жұмыс істейтін мекемелердің экономикалық жұмысын дамытумен байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Бағдарламаның ғылыми бөлімінің шеңберінде магистранттармен, нәтижелері магистерлік диссертацияда тікелей көрсетілетін Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында шетелдік ғылыми және оқу әдебиеттерімен жұмыс атқарылды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus