Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемелекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Новости и объявления2016 жылдың 24 ақпаны мен 4 наурызы аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М030100 «Заңтану», 6М030400 «Кеден ісі», 6М050900 «Қаржы» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында магистранттармен: «Құқық» бағыты бойынша Кеден Одағы мемлекеттеріндегі нормативті-құқықтық реттеу жүйесі туралы және «Қаржы» бағыты бойынша заманауи шарттардағы мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығының өзекті мәселелері туралы тағылымдама бағдарламалары игерілді.
Ғылыми тағылымдама барысында ҚЭУ магистранттары ғылым докторлары мен кандидаттарынан құралған Санкт-Петербург мемелекеттік экономикалық университетінің алға тартар оқытушыларының дәрістік сабақтарына қатысып, шетелдік тәжірибе арқылы заманауи қаржы мен құқық дамуының өзекті мәселелерін талдап қарастыруға мүмкіндік алды.
Магистранттар тәжірибелік сабақтар шеңберінде МАПП «Светогорск»
3-D интерактивті жаттықтырушының көмегімен шекаралық кеден бекетіндегі виртуалды кеңістікті ұйымдастыру, 3-D интерактивті ALLEGRO жаттықтырушыда кедендік бақылауды ұйымдастыру тренингтеріне қатысты, Сақтандыру мұражайына барды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus