Алғыс айту күні болып.

Алғыс айту күні болып.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары тағдырдың жазуымен Қазақстанға тұтастай халықтар жер аударылған болатын. Оларды вагондардан тура айдалаға әкеліп түсірді. Өздері де аш-жалаңаш қиын жағдайда өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары, оларды өздерінің сазбалшықтан соғылған үйлеріне паналатып, соңғы үзім нандарынан бөліп берді.
Жүз мыңдаған әр түрлі ұлт адамдарына бұл жер өз отанына айналып, Қазақстан олар үшін туған үйлеріндей болып кетті.
Алғыс айту күнін Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылған күнінде, бүкіл ұлыстардың бір-біріне және мейірімділік танытып және осы адамдарды өздерінің туған бауырларындай қабылдаған қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өтуге шешім қабылданған еді.
Осы мерекенің маңызын сөзбен айтып жеткізу қиын. Өйткені бүгін, көпұлтты Қазақстан халқы алдында «Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру аса зор міндеттері тұр және бейбітшілікті, тыныштықты сондай-ақ тұрақтылықты сақтау алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың аса маңызды кепілі болып саналады!

Алғыс айту күні болып. Алғыс айту күні болып. Алғыс айту күні болып.

2016 жылғы 29 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінде Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ол қазақ халқының қонақжайлылығын көрсететін театрландырылған көркем қойылымнан басталды.
Ұлттық-мәдени орталықтардың, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, Афинадағы олимпиада ойындарының қол жүлдегері, боксшы  Серік Елеуов, сондай-ақ бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің ата-анасы,  чемпиондық алтын медалі мен өзінің қолғабын университет мұражайына сыйлаған, жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы Абылайхан Жүсіпов іс-шараның қонақтары болды.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ж.Әбілов, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент жетекшісінің орынбасары Б.М. Ахметов, «Полония» облыстық поляк қоғамының төрағасы В.А.Хмелевский, ЮНИСЕФ халықаралық ұйымындағы ҚР өкілі Дамир Қожанбаев және т.б. құттықтап сөз сөйледі.
ҚЭУ-дің «Жайна», «Данс Авеню», «Наз қоңыр»,  «Мелоди» вокалдық студиясы, «№2 өнер мектебі» РҚБО «Еркеназ» балалар хореографиялық ансамблі және №10 ЖОМ концерттік бағдарламамен өз өнерлерін көрсетті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus