Театрға жол!

Театрға жол!«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы Назаров Е.Ж. өзінің МО-11к кураторлық тобы мен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Ресей мен Тәжікстаннан келген шетел студенттерін басын қосып 5 ақпан күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына барып, «Адасқандар» деп аталатын спектакль көріп қайтты.
«Адасқандар» спектаклі бүгінгі күнде бүкіл әлемнің қаупі мен қасіретіне айналған «терроризм», оның ішінде әсіресе діни сипат алған Таяу Шығыста пайда болған ИШИМ жалған мемлекетіне кетіп жатқан жастар мәселесі туралы. Актерлардың сахнадағы шебер ойыны көрермендерді бей-жай қалдырмады. Сирияға кетіп жатқан әсіресе жастардың қалайша озбырлардың тұзағына түсіп қалатын сәттерін әртістер өте жақсы көрсеткен. Бүгінгі күнде халықаралық деңгейде ең өзекті мәселеге айналған бұл проблеманың пайда болу себептері мен салдарларын білу студенттер үшін маңызы өте зор. Осы тұрғыдан алғанда аталмыш спектакльге студент жастарының баруы тәрбиелік әрі ақпараттық жағынан мәні өлшеусіз.
Шетел студенттері қазақ тіліндегі бұл қойылымды арнайы құлаққа киген жабдық арқылы аудармасын орыс тілінде тамашалап, театрдың ұйымдастыру деңгейіне таңқалып, ризашылықтарын білдірді.
Студенттер сабақ кестесінен тыс уақытта, өзін-өзі рухани тұрғыда байытып, көкірек көкжиегін кеңейтіп, қаладағы түрлі өнер ордаларына барып тұрғаны абзал.

 

Театрға жол! Театрға жол!
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus