Баскетболдан ұлттық студенттік лига

Баскетболдан ұлттық студенттік лигаБаскетболдан өткен Ұлттық студенттік лиганың турнирінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қыздар құрама командасы екінші орынға ие болды.
Команданы үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
2015 жылғы 11-14 желтоқсанда Астанада, «Назарбаев Университеті» базасында баскетболдан Ұлттық студенттік лиганың финалдық ойындары өтті.
Біздің университетіміздің баскетболдан қыздар құрама командасы Қазақстан чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тәжірибелі құрама командасына орын беріп, екінші орынға ие болды.

Баскетболдан ұлттық студенттік лига Баскетболдан ұлттық студенттік лига Баскетболдан ұлттық студенттік лига
Баскетболдан ұлттық студенттік лига   Баскетболдан ұлттық студенттік лига

Турнир барысында біздің қыздарымыз төмендегі командаларды:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 35:21 есебімен;
Астана қаласының Қазақ агротехникалық университетін 34:17 есебімен жеңді.
Қазақ спорт және туризм академиясының (Алматы қ.) құрама командасын 41:39 есебімен жеңіп, біздің қыздар финалға шықты.
Екінші орынға ие болса да, команда өз шеберлігі мен қайсарлығын көрсетті.
ҚарМТУ құрама командасымен 3 орын үшін ойында, 33:38 есебімен жеңіліп, ҚЭУ ерлер құрама командасы 4 орынға ие болды.
Баскетболдан ерлер құрама командасының нәтижелері:
ҚЭУ - Гумилев атындағы ЕҰУ 24:30
ҚЭУ - Қазақ агротехникалық университеті 52:57
ҚЭУ - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 66:37.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus