Астана қаласына экскурсия

Астана қаласына экскурсияБілім беру процесінің тәжірибелік аспектісін күшейту мақсатында туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының студенттері үшін «RIXOS PRESIDENT ASTANA» қонақ үйіне сыртқа шығу сабағын ұйымдастырды. Студенттер халықаралық деңгейдегі қонақ үй бизнесінің негіздері және ондағы қызмет жұмыстарының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігін алды. Экскурсиядан соң, студенттер Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барып, отандық мұражай ісінің тарихында алғаш рет ұйымдастырылған «Жұлдызды гид» жобасының куәгері болды. «Жұлдызды гид» қатарында Қарақат Әбілдина, Құрмаш Маханов, Қалқаман Сарин, Клара Төленбаева, Маржан Арапбаева, Досымжан Танатаров және Гүлнұр Оразымбетова секілді қазақстандық эстрада өкілдері болды. «Жұлдыздардың» ұсынуымен студенттер халқымыздың бай мәдениеті туралы өз білімдерін толықтырды.

 

Астана қаласына экскурсия Астана қаласына экскурсия Астана қаласына экскурсия
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus