Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 31 мамыр күні Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.
Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні — саяси қуғын-сүргіндер мен жаппай большевиктердің саяси режимінің азғыру арқылы аштыққа ұшыратып, одан құрбан болған немесе жарақат алғандарды еске алуға арналған қаралы акциялар мен есестелік іс-шаралар өткізілетін ұмытылмас күн (митингілер, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ескерткіштеріне шеңберлер және гүлдерді қою, оқу орындарында «естеу сабақтары» және басқалар).
2015 жылдың 29 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг-реквием өткізілді.
«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – бұл мыңдаған біздің қуғын-сүргінге орынсыз ұшыраған, қылмыстарда айыпталған, бостандығы, тіпті өмірінен айырылған отандастарымызды еске салуға қажет қайғылы жылдар», - деп әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Абилов Қ.Ж. өзінің кіріспе сөзінде айтып өтті.

Митингіге қатысқандар ф.ғ.к., Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті Егизбаев С.К., Қарағанды облысы Орталық мешітінің бірінші наиб-имамы Курманов Серик, Қарағанды епархиесі орыс православиелік шіркеуінің Свято-Веденский соборының катехизаторлық бөлімшенің басқарушысы әке Ахия Рахимжанов, магистрант Ертай Хуанбек ұлттық трагедиялардың киелілігін негіздеп, өткеннен сабақ алудың қажеттілігін айтты, біздің ортақ үйімізде шыдамдылық, өзара түсінушілік және ризалық көрсетуге шақырды.
Митинг қатысушылары саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен құрметпен еске алды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні   Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus