«Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы

«Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы2015 жылдың 20-23 сәуір аралығында Орал мемлекеттік экономикалық университетінде «Өркениеттер сұхбаты: соғыссыз әлем» атты VI Еуразиялық экономикалық жастар форумы басталды!
Форум шеңберінде халықаралық және бүкілресейлік деңгейдегі байқаулардың бес финалы өтті: «ХВҚ моделі», «Eurasia Green», «Глобальды экономикадағы корпоративтік басқару мен инвестициялар», «Азық-түліктік қауіпсіздік», «Территориялардың бәсекелестік қабілеттігі».
Ғылыми-зерттеу жобаларының халықаралық байқауында «Eurasia Green» жас ғалымдар мен студенттерін «Экологиялық мәдениет пен дүниетаным» бағыты бойынша біздің университетті «Туризм» және «Мейрамхана ісі мен мейрамханалық бизнес» мамандықтарының студенттері Абдиева Айнура, Шәкенова Айша және Уралбаева Эльвира таныстырды.

Студенттер «Экотуризм жергілікті территориялардың халқы экологиялық мәдениеті негізі ретінде (Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы негізінде)» тақырыбы бойынша жобасын қорғап, 3-орынды иеленді және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Айша, Эльвира және Айнура университет ректоры профессор Аймагамбетов Е.Б. Екатеринбург қаласында өткен VI ЕЭЖФ қатысуға мүмкіндік алғаны үшін алғысын білдіреді.
Студенттерді құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар тілейміз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus