Халықаралық студенттік он-лайн конференция

Халықаралық студенттік он-лайн конференция2015 жылдың 2 сәуірінде ҚҚЭУ «Экономика және менеджмент» кафедрасымен бірге Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті халықаралық студенттік он-лайн конференция ұымдастырды.
ҚҚЭУ-дан конференция модераторы болып э.ғ.к, доцент Омарханова Ж.М. таңдалды, ал Башқұрт МАУ-нен э.ғ.д., ұйымдастыру және менеджмент кафедрасының профессоры Кузнецова А. Р. тағайындалды.
Құттықтау сөзімен экономика және басқару факультетінің деканы профессор Гимранова Г.И. шықты. Профессор Гимранова Г.И. барлық конференция қатысушыларына табысты жұмыс тіледі.

Конференцияда қызықты да, мазмұнды БМАУ студенттерінің баяндамалары тыңдалды: Өзбекістандағы ауыл шаруашылығы саласының күйін талдау мен даму перспективаларына байланысты баяндама (баяндамашы – БМАУ-дың экономикалық факультетінің «Менеджмент» бойынша дайындау бағытындағы 1 курс студенті Ходжаев Д.); Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы жайлы баяндама (баяндамашы – БМАУ-дың экономикалық факультеті «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті Куатова А.); Башқұртстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту жайлы баяндама (баяндамашы БМАУ экономикалық факультетінің бірінші оқу жылы аспиранты Мамбетова Л.). Сонымен қатар «Менеджмент» мамандығы 1 курс студенттерінің басқа да шығармашылық баяндамалары тыңдалды: Идиатуллина Д., Атамуратова А., Валиуллин А. Барлық оқушылар жоғары дәрежеде сөз сөйледі, ал ең бастысы – жұрт алдында сөз сөйлеу бойынша оң тәжірибе алды.
Қарағанды экономикалық университеті экономика және басқару факультеті студенттерімен ауыл шаруашылығы дамуының жаңа әлеуеті мен үрдістері қамтылған баяндамалар ұсынылды. Алимбаева Айнур, Арынова Меруерт және Керимов Хабибтің баяндамалары жоғары қызығушылық пен дискуссияны тудырды. Жиренбаева Анелдің «Қазақстанда шектелген ауыл шаруашылығының даму әлеуеті жайлы», Глотова Евгенияның «Қазақстанның АӨК инновациялық-технологиялық даму мәселелері» және Танирберген Ботаның «Ауыл шаруашылығы өнімінің нарығын талдау» атты баяндамалары да қызықты болды.
Кафедра меңгерушісі профессор Сальжанова З.А. мен кафедра профессоры Доскалиева Б.Б. студенттер мен ғылыми жетекшілерді мазмұнды баяндамалары үшін алғыс айтты, айырықша алғысын конференция ұйымдастырушыларына – профессорлық-оқытушы құрамы мен Башқұрт мемлекеттік аграрлық университеті студенттеріне білдірді.

Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция 
 Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция
 Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция  Халықаралық студенттік он-лайн конференция
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus