Мисс және Мистер ФБП - 2015

Мисс және Мистер ФБП - 20152015 жылдың 22 сәуірінде ҚҚЭУ Студенттер мәдениет сарайында «Мисс және Мистер ФБП» атты байқауы өтті.
Байқау мақсаты: Жастарда эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеу. Ең дарынды, бірегей ұлдар мен қыздарды анықтау.
Байқауға Бизнес және құқық факультетінің түрлі мамандық студенттері қатысты. Қатысу мәлімдемелерін өзіне үйлесімді түрде сыртқы келбеті мен ішкі жан дүниелерін қоса алған, оны визитка, зияткерлік байқау, шығармашылық және романтикаға толық дефиледе көрсете алған сегіз қыз бен ұл тастады.
Қатысушылар әділ қазылар алқасы бағалады, олардың ішіне кіргендер: арнайы шақырылған кәсіби журналисттер, суретшілер, хореографтар, жастар ұйымдарының өкілдері.

 

Мисс және Мистер ФБП - 2015 Мисс және Мистер ФБП - 2015 Мисс және Мистер ФБП - 2015

Әділ қазылар алқасына арнайы шақырылғандар: Назгуль Талипова – «Первый Карагандинский» телекомпаниясының бағдарламалық бөлімінің директоры, «Давай, попробуем» ойын-сауық және танымдық бағдарламаның авуторы және жүргізушісі; Ерболат Закиров – Қарағанды қ. танымал МС, Қазақстан коммунистік партиясының Қарағанды филиалы жастар қанатының төрағасы, «Лучший город KZ» теледуманының екінші сезонының Қарағанды командасы қатысушысы; Анна Попова – «Studio Models» модельдер мектебінің фотографы; Наталья Ахременко – «Валери» фитнес клубының хореографы; Казбек Масагутов – «Феникс» би студиясының өкілі, «Вдохновение» театрының актеры, ҚҚЭУ КВН құрама командасының ойыншысы; Дана Алибекова – Қарағанды қ. үздік бишілерінің бірі, көптеген би жарыстарының жеңімпазы.
Қатысушылардың әрбіреуі дарынды, ашық, мақсатқа ұмтылушы болып шықты!

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1. «Мистер ФБП - 2015» - Жусупов Султан, Ю-24с тобының студенті;
2. «Мисс ФБП – 2015» - Кожухова Салтанат, Тур-12 тобының студенті;
3. «Вице - Мистер ФБП - 2015» - Камалиев Абылай, Ю-12 тобының студенті;
4. «Вице – Мисс ФБП - 2015» - Жакиянова Диана, Тур-12 тобының студенті;
5. «Мистер Весна ФБП - 2015» - Табылдиев Нариман, Ю-14с тобының студенті;
6. «Мисс Весна ФБП - 2015» - Мусина Аягоз, Ю-12 тобының студенті;
7. «Мистер Талант ФБП - 2015» - Адильжанов Ерсайын, ТУР-11к тобының студенті;
8. «Мисс Талант ФБП - 2015» - Жосалбаева Гулим, СР-11к тобының студенті;
9. «Мистер Драйв ФБП - 2015» - Сериков Семен, Ю-12 тобының студенті;
10. «Мисс Драйв ФБП - 2015» - Дуйсенбекова Томирис, РД-12 тобының студенті;
11. «Мистер Стиль ФБП – 2015» - Жанысов Жасулан, Ю-13с/к тобының студенті;
12. «Мисс Стиль ФБП - 2015» - Уланова Рабига, Тур-13с/к тобының студенті.

Одан гөрі, әйгілі «Вконтакте» әлеуметтік желісінде жүргізілген онлайн дауыс беруде «Мисс и Мистер Популярность» номинация жеңімпаздары болып Табылдиев Нариман және Мусина Аягоз шықты.
Байқау спонсоры «Playroom» ойын клубының арнайы жүлделерін Кадылбеков Султанбек (Тур-11к тобының студенті) және Акижанова Дилара (Тур-11к тобының студенті) жеңіп алды.
Бірінші рет байқауға БҚФ болашақ студенттері – №59 мектеп түлектері Ли Сергей және Леткина Виктория қатысты. Олар «Junior Мисс и Мистер ФБП - 2015» номинациясын жеңіп алды.

Барлық қатысушылар дипломдармен, ленталармен, деканат және спонсорлардың жүлделерімен марапатталды.
Бизнес және құқық факультеті алғысын білдіреді және барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтайды!
Сіздерге сәттілік тілейміз!

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus