Қарағанды экономикалық университет студенттерінің Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Қарағанды экономикалық университет студенттерінің Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы 2015 жылдың 2 наурызы мен 11 наурызы аралығында 6М030100 «Құқықтану» және 6М030400 «Кеден ісі» мамандықтарының 2 курс студенттері Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы) «Кеден Одағы елдеріндегі нормативтік және құқықтық реттеу жүйесі» атты тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында заң ғылымдары бойынша университеттің жетекші лекторларының дәрістер топтамасы тыңдалды: э.ғ.д., профессор Малевич Ю.В., з.ғ.д., профессор Бернацкий Г.Г., з.ғ.д., профессор Новиков А.Б., з.ғ.д., доцент Иванюженко А.Б., з.ғ.к., доцент Мосин Е.Ф. және басқалар. Ғылыми тағылымдамада қарастырылған басты сұрақтар Кеден Одағының қызмет ету мәселелері, Ресей мен Қазақстанның халықаралық-құқықтық қарым-қатынастары, ЕврАзЭО елдеріндегі қылмыстық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері, парақорлықпен қылмыстық және құқықтық күресу әдістері, ЕврАзЭО елдерінің кәсіпкерлік туралы заңнамасының даму мәселелері, т.б. секілді тақырыптар талқыланды. Тағылымдаманың тәжірибелік құрылымы МАПП «Светогорск» шекара бойындағы кедендік күзет орны мен «Морской фасад» өткізу орны негізінде ұйымдастырылды.
Күннің екінші жартысы университет кітапханасында магистранттармен ғылыми зерттеулерді жүргізу мен Санкт-Петербург қаласының көрікті жерлерімен танысуға арналды.

Қарағанды экономикалық университет студенттерінің Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы Қарағанды экономикалық университет студенттерінің Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы
 
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus