ХХI ғасырдағы білім және ғылым – 2014

ХХI ғасырдағы білім және ғылым – 20142014 жылдың 25-28 қарашасыаралығындаҚарағандыэкономикалықуниверситетіҚР КҒА ресми қолдауымен «Атакент – ЭКСПО» Халықаралық көрме компаниясыАстанақ. өткізген«ХХI ғасырдағыбілімжәнеғылым – 2014» атты XII Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмені ҚР КҒА жоғары және жоғарыдан кейінгі білім департаментінің төрағасы Шаймерденов Ж.К. ашты.
Құттықтау сөз Томск облысының ғылым және білім кешені мен инновациялық саясат бойынша Губернатор орынбасары Сонькин М.А. берілді.

Қарағанды экономикалық универсітеті бұл іс-шараға бесінші рет қатысуда. ҚҚЭУ қатысуының басты мақсаттары мен міндеттері келесілер:
- білім беру өрісінің барлық деңгейлеріндегі жетістіктерді көрсету (бакалавриат, магистратура, докторантура);
- елдің экономикалық және әлеуметтік өсуіне қажетті мамандықтар мен кәсіптерді насихаттау;
- білім және ғылым өрісіндегі мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайту.
Көрмелік компанияға Қазақстан, Ресей, Германия, Чехия, Финляндия, Түркия, Үндістан, Малайзия, Швейцария, Протугалия, Франция, Белорусь, Польша мемлекеттерінен барлығы 96 жоо қатысты, олардың ішінен Қарағанды қ. – 2 (ҚҚЭУ, Е.Букетов атындағы ҚарМУ).

Көрмеде жұмыс барысында Астана қ. мектеп оқушыларымен кәсіби бағыттау, түсіндіру сұхбаттары жасалынды, көрмеге қатысқан жоғары оқу орындарының өкілдерімен танысып, өзара қарым-қатынастар орнату туралы сөз қозғалды.

Осы көрмеге қатысу университет жайындағы ақпаратты, ғылым мен білім өрісіндегі ҚҚЭУ-дің жетістіктерін тиімді де, сапалы жеткізуге мүмкіндік берді.

 

ХХI ғасырдағы білім және ғылым – 2014  ХХI ғасырдағы білім және ғылым – 2014  ХХI ғасырдағы білім және ғылым – 2014 
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus