Талант, еңбек және тәлімгерлік: ғылыми мойындалуға бастар жол
Ю-23-3 тобының студенті Зайцева Виктория Дмитриевна «Қарағанды облысының үздік студенті – 2026» облыстық байқауына қатысып, «Жылдың үздік жас ғалымы – 2026» құрметті атағына ие болды.
Бұл жоғары марапат оның ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерінің, ғылымды дамытуға қосқан үлесінің, жаңа білімге деген ұмтылысының, сондай-ақ ғылыми және инновациялық бастамаларға белсенді қатысуының мойындалуы болды.
Викторияның ғылыми жұмысы аға оқытушы Нұрмахамбетова Сәуле Төлегенқызының жетекшілігімен жүзеге асырылуда. Жүйелі ұйымдастырылған ғылыми жетекшілік, зерттеу бастамаларына тұрақты қолдау көрсету және бірлескен мақсатты жұмыс студенттің ғылыми әлеуетін ашуға әрі маңызды нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді.
Зайцева Викторияны және оның ғылыми жетекшісін лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа ғылыми табыстар, болашағы зор зерттеулер мен жарқын жеңістер тілейміз!






