Аутентті бағалау және академиялық жауапкершілік
2026 жылғы 20 қарашада Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді академиялық дамыту департаменті кафедра меңгерушілері мен академиялық комитет төрағаларының қатысуымен семинар өткізді. Кездесу барысында аралық аттестаттаудың жаңа нысандарын енгізу және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде білім алушылардың өзіндік үлесін декларациялау тәртібі қарастырылды. Семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 15 хаттамасын орындау мақсатында өткізілді.






