Университет магистранты-Халықаралық ғылыми олимпиаданың жеңімпазы

Университет магистранты-Халықаралық ғылыми олимпиаданың жеңімпазы2026 жылғы 13-14 мамыр күндері Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының магистранты Биякин Сергей Витальевич Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті ұйымдастырған XIII Халықаралық ғылыми олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Олимпиада жас бухгалтерлер, аналитиктер және аудиторлар арасында өткізіліп, түрлі елдердің жетекші жоғары оқу орындарының білім алушыларын біріктірді.

Байқау қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің магистранты Биякин Сергей Витальевич I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл жетістік білім алушының жоғары кәсіби дайындығын, ғылыми ізденіске деген қызығушылығын және университеттің сапалы білім беру деңгейін айқындайды.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жеңімпазды құттықтап, алдағы ғылыми және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейді!

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL