Circulec жобасының өкілдері Астанадағы Erasmus + халықаралық іс-шараларына қатысты

Circulec жобасының өкілдері Астанадағы Erasmus + халықаралық іс-шараларына қатысты

2026 жылғы 21-22 мамыр аралығында CirculEC жобасының өкілдері Астана қаласындағы Saken Seifullin University базасында Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесі ұйымдастырған Regional Erasmus+ Information Day және «Artificial Intelligence in Higher Education» халықаралық конференциясына қатысты.

Regional Erasmus+ Information Day – 2026 іс-шарасына қатысу CirculEC жобасының нәтижелерін ілгерілетуге және Орталық Азия мен Еуропа университеттері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды алаң болды.

Іс-шара барысында жоба командасы Erasmus+ бағдарламаларының заманауи даму үрдістерімен, жоғары білім беруді цифрландыру мәселелерімен және білім беру ортасында жасанды интеллектіні қолдану бағыттарымен танысты. CirculEC жобасы үшін инновациялық білім беру тәсілдері, тұрақты даму және өңіраралық серіктестікті дамытуға арналған талқылаулар ерекше маңызға ие болды.

Конференцияға қатысу:

  • CirculEC жобасының халықаралық деңгейдегі танымалдылығын арттыруға;
  • академиялық серіктестер мен кәсіби байланыстар желісін кеңейтуге;
  • заманауи білім беру тәжірибелерін енгізу бойынша тәжірибе алмасуға;
  • жоба нәтижелерін жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдар арасында таратуға;
  • тұрақты кәсіпкерлік пен айналмалы экономика саласындағы жобаның әлеуетін нығайтуға ықпал етті.

Іс-шара барысында алынған білім мен орнатылған байланыстар CirculEC жобасының білім беру бастамаларын одан әрі дамытуға, бірлескен іс-шараларды дайындауға және жоба нәтижелерін халықаралық деңгейде тарату жұмыстарын күшейтуге пайдаланылатын болады.

 

Circulec жобасының өкілдері Астанадағы Erasmus + халықаралық іс-шараларына қатысты Circulec жобасының өкілдері Астанадағы Erasmus + халықаралық іс-шараларына қатысты Circulec жобасының өкілдері Астанадағы Erasmus + халықаралық іс-шараларына қатысты
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL