Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үстел

Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үстел

2024 жылғы 11 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің қабырғасында Erasmus + 101082914-EPOS-ERASMUS-JMO-2 2022-2025 EPOS «European practice of sustainable development management towards green transformation» жобасын іске асыру шеңберінде "Жасыл трансформация жолында орнықты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі" атты Халықаралық студенттік дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты жас зерттеушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, талантты жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ тұрақты дамуды басқарудың Еуропалық тәжірибесі мен қазақстандық тәжірибесін тарату болды.

Халықаралық студенттік дөңгелек үстел үш бағытта ұйымдастырылды:

"Тұрақты дамудың басқарушылық аспектілері"ақ;

"Тұрақты дамудың әлеуметтік аспектілері";

"Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері".

Дөңгелек үстелге экотуризм, гендерлік саясат, жоғары оқу орындарындағы орнықты даму саясаты, орнықты қаржы және жасыл жобаларды қаржыландыру саласындағы өзекті зерттеулерді таныстыра отырып, докторанттар, магистранттар, университет студенттері, колледж оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының нәтижелері бойынша мақалалардың электрондық жинағы шығарылады. Қатысушылар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Дөңгелек үстел тақырыбына белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін барлығына алғыс білдіреміз!

 

 

Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үстел Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үстел Тұрақты даму мәселелері бойынша халықаралық студенттік дөңгелек үстел
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus