"Ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбындағы мастер-класс

"Ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбындағы мастер-класс

2024 жылдың 8 сәуірінде біздің университет қабырғасында ғылым апталығы аясында "ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класс Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Жас ғалымдар Кеңесінің қолдауымен өткізілді.

Мастер-класс жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Аталған іс-шараның спикері, философия ғылымдарының докторы (PhD), "Экономикалық теория және МЖБ" кафедрасының аға оқытушысы, "Жас ғалымдар кеңесінің" мүшесі - Букатов Ерік Берікұлы, болды.

Мастер-класс шеңберінде қатысушылар ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын басылымдар тізбесіндегі соңғы өзгерістермен танысты. Авторларға қойылатын басылымдардың негізгі талаптары талқыланды. Ғылыми мақала құрылымының ерекшеліктері де қарастырылды.

 

"Ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбындағы мастер-класс "Ғылыми мақаланы қалай жазуға болады" тақырыбындағы мастер-класс
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus