«Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» ақпараттық күні

«Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» ақпараттық күні

2024 жылғы 14-15 наурызда біздің университетіміздің Халықаралық бағдарламалар  және жобалар орталығы "Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері" атты ақпараттық күн ұйымдастырды.

Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы директорының орынбасары Аитова Зария Булатовна студенттерге Еуропа, Ресей және оңтүстік-шығыс Азия жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып, ішкі академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін атап өтті.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін конкурстық іріктеу туралы ақпарат, оның ішінде құжаттарды тапсыру күндері, кандидаттарды іріктеу ережелері ұсынылды. Барлық материалдар университеттің ресми сайтында "Ынтымақтастық" бөлімінде қол жетімді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін Орталықтың Instagram арқылы @international_kazpotrebsoyuz  немесе 268 кабинетте келіп жеке өтініш беру арқылы өтінім беруге болады.

 «Академиялық ұтқырлық: шетелде және Қазақстанда оқу мүмкіндіктері» ақпараттық күні

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus