"Ғылыми зерттеулерге шығындарды жоспарлау" ғылыми семинары

"Ғылыми зерттеулерге шығындарды жоспарлау" ғылыми семинары

2023 жылғы 16 қазанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде "Ғылыми зерттеулерге шығындарды жоспарлау (Жас ғалым ғылыми жобалары бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде)"тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.
"Жас ғалым" мотивациялық жобасының мақсаты-ғылыми ұйымдарға жыл сайын ғылыми дәрежесі бар немесе жоспарлайтын кемінде мың адамды тарту, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, ғылымда дарынды жастарды тарту және бекіту, жас зерттеушілердің үлесін арттыру. Жоба докторлық дәрежесін қорғаған гранттық докторантура түлектеріне арналған.
Шығындарды жоспарлау процесі жұмыстың негізгі түпкі мақсатына жету үшін қажетті ресурстардың толық көлемін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды кезең болып табылады. Ғылыми семинар жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысты. Ғылыми семинарды өткізу барысында конкурстық құжаттамаға қойылатын талаптар қаралды, ғылыми зерттеулерге арналған шығыстар сметасын жасау мысалдары келтірілді. Семинардың модераторы PhD, жас ғалымдар кеңесінің мүшесі А. М. Тынгишева болды.

 

"Ғылыми зерттеулерге шығындарды жоспарлау" ғылыми семинары "Ғылыми зерттеулерге шығындарды жоспарлау" ғылыми семинары
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus