ҚР ҒЖБМ гранттық жобасын іске асыру жоспары бойынша іссапар

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасын іске асыру жоспары бойынша іссапар

24-30 қыркүйекте ЭҚЗҒЗИ директоры Т.А. Ханов пен ҚР ҒЖБМ AP 19676691 гранттық жобасының жетекшісі В.Башировтың Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіне іссапары болды. Іссапар аясында университеттің профессорлық-оқытушылық қауымымен кездесу болып, сарапшылардан сауалнама мен сұхбат алынды.

Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің Жастар ғылыми зерттеулерін дамыту басқармасының бастығы Н.В. Андросенко, білім алушылардың конкурстары мен олимпиадаларын ұйымдастыру бөлімінің бастығы А.Д. Колбинамен, білім алушылардың ғылыми қызметін үйлестіру бөлімінің бастығы А.А. Тряпицинамен кездесулер ұйымдастырылып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың проблемалық мәселелері талқыланды.

Әсіресе, э.ғ.к. Экономикалық қауіпсіздік институтының директоры, к.ю.д., Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің экономикалық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі Р.В. Дроновпен, доцент А.А. Графовпен, аталған институт пен кафедраның ПОҚ қызметкерлерімен кездесудің маңыздылығын атап өткіміз келеді.

Ресейлік әріптестер біздің сапарымыз туралы ақпарат жариялады.

https://unecon.ru/vstrecha-uchenyh-karagandinskogo-universiteta-kazpotrebsoyuza-s-predstavitelyami-kafedry-ekonomicheskoj-bezopasnosti/

 

 

ҚР ҒЖБМ гранттық жобасын іске асыру жоспары бойынша іссапар ҚР ҒЖБМ гранттық жобасын іске асыру жоспары бойынша іссапар
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus