Үлттық асхана ерекшеліктерін зерттеу

Үлттық асхана ерекшеліктерін зерттеу12-24 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінде ішкі академиялық мобильділік шеңберінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы студенттеріне арналып «Қысқы мектеп» жұмыс істейді.
Ұлттық асхана ерекшеліктерін, қызмет көрсету мен сервис технологиясын зерттеу мақсатында, тауартатану және сертификаттау кафедрасымен «Мерей» қонақ үй кешеніне сапар шегу сабағы өткізілді, онда студенттерге мейрамхананың бас технологымен мастер-класс көрсетілді.

ҮЗДІК КУРАТОР

ҮЗДІК КУРАТОР

Бизнес және құқық факультетінің"Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасының оқытушысы Киакпаев Данияр Берикполұлын "ҮЗДІК КУРАТОР" атағын алуымен шын журектен құттықтаймыз!!!Ғылыми-педагогикалық қызметте шығармашылық жетістіктер, таусылмас бақыт, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы п.ғ.д., доцент Кенжебаева Сания Кузаировнаны «ЖЫЛ АДАМЫ» атағаны иеленуімен құттықтайды! Сізге онан арғы ғылыми-педагогикалық қызметіңізде шығармашылық табыстар, денсаулық, мол бақыт және отбасылық амандық тілейміз!

Ю-31к және Ю-32к топ студенттері "ҮМІТ" балалар үйі сәбилерімен кездесті

Ю-31к және Ю-32к топ студенттері "ҮМІТ" балалар үйі сәбилерімен кездесті 2014 жылдың 27 жылдың Бизнес және құқық факультетінің Ю-31к және Ю-32к топ студенттері Жаңа Жыл қарсаныңда"ҮМІТ" балалар үйі сәбилерімен кездесіп, қардан қашалған Аяз ата мен Ақша қар мүсіндерін тарту етті!

Attachments:
Download this file (Eсеп.ppt)Eсеп.ppt3962 kB

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!«Бұқар-Жырау ауданының топонимикасы» атты монография жарыққа шықты. Монографияның авторы Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Жетписов Сағындык Уразгулұлы.
Монографияда Бұхар-Жырау ауданының негізгі елді мекендерінің орналасуының карта-сызбалары және әкімшілік-аймақтық сипаттары берілген. Аталмыш жұмыс көптеген оқырмандар арасында қызығушылыққа ие болды. Әкімшілік органдармен және тарих, география, өлкетану және жергілікті аумақтың туризмін болашақтағы зерттеулеріне бағдар бермек.
Бұхар-Жырау ауданы әкімінің ұйымдастыруымен өтілген ғылыми семинарда, осы монографияның презентациясы өтті.
Осыған орай, Бұхар-Жырау ауданының әкімі С.У. Жетписовқа еңбегін бағалай келе, Бұхар-Жырау ауданының әкімі Нуркен Кобжановтың құрмет грамотасымен марапатталды.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ - 2014

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІСІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ - 2014 Жыл сайынғы «Ең жақсы білім беру бағдарламасы» конкурсы (әрі қарай - Конкурс) оқытудың сапасы мен тиімділігін көбейту мақсатымен профессорлық-оқытушы ұжымы мен білім беру бағдарламалары басшыларының жұмысын ынталандыру үшін өткізіледі.
Жыл сайынғы «Ең жақсы білім беру бағдарламасы» конкурсы қорытытындылары бойынша жеңімпаз 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы болды.

Әкімнің ҚҚЭУ-ға сапары

Әкімнің ҚҚЭУ-ға сапары2014 жылдың 30 желтоқсанында Қарағанды экономикалық университетіне жұмыс сапарымен Қарағанды облысының әкімі Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы келді.
Сапардың мақсаты жас кәсіпкерлер мен өңір жаңартпашылдарына арналған технологиялық бизнес-инкубаторы - «Достық» Коворкинг орталығын ашу болды.

Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы2014 жылдың 19 желтоқсанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті негізінде Орталық Азия қашықтан оқу университеттері ассоциациясының құрылтай жиналысы өткізілді.
Ассоциацияның іс-әрекеті негізіне бәріне ортақ Орталық Азия жоғары білім беру кеңістігін құру, ашық және қашықтан оқу өрісіндегі жаңа беталыстарға сәйкесті саясатты жүргізу, берілген өрістерде біліктілікті жоғарылату, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық және оқытушы қызметі өрістерінде инновациялық іс-әрекеттер тұжырымдамасын еңгізу.

«Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) индустриалды-инновациялық даму мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) индустриалды-инновациялық даму мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция11 желтоқсан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті базасында «Еуразиялық экономикалық одақтағы индустриалды-инновациялық даму мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚҚЭУ бастамасымен және Қарағанды облыстық акиматымен қолдау тапқан бұл ғылыми форум Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы акиматы және Ресей Федерациясы Свердловск облысы үкіметі арасында 2014-2016 жылдарға сауда-экономикалық, ғылыми-теникалық және гуманитарлық қатынастар жөніндегі Келісімшартты жүзеге асыру үшін іс-шараларды орындауға байланысты басты міндеттерді шешу мақсаты шеңберінде өткізілді. Конференция әріптестері ретінде директор, атақты ғалым-экономист РҒА Академигі Татаркин Александр Иванович Ресей Ғылым Академиясының Урал бөлімшесі (Екатеринбург қ.) атынан, директор орынбасары Панзабекова Ақсанат Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің экономика институты атынан, ҚР КҰП Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті» ЖКО ФМББМ (Ұлттық зерттеу университеті), «Еуразиялық достастық» әлеуметтік-экономикалық даму қоры және Ресей кооперация университетінің Қазан кооперативтік институты шықты.

Ресей университетінің халықтар достастығымен бірлескен магистрлік бағдарлама бойынша түлектерді дипломдармен марапаттау (бейнежазба)

Ресей университетінің халықтар достастығымен бірлескен магистрлік бағдарлама бойынша түлектерді дипломдармен марапаттау (бейнежазба)6 желтоқсанда Қарағанды экономикалық университетінде Ресей университетінің халықтар достастығымен бірлескен магистрлік бағдарлама бойынша түлектерді салтанатты дипломдармен марапаттау шарасы өткізілді (Жалпы стратегиялық менеджмент).

Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасымен өткізілген қазақ тілі пәнінен «Тіл білгірі» атты олипиадасының қорытындысы

Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасымен өткізілген қазақ тілі пәнінен «Тіл білгірі» атты олипиадасының қорытындысыҚазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасымен өткізілген қазақ тілі пәнінен «Тіл білгірі» атты олипиадасының қорытындысы

2014-2015 жж. кафедраның кәсіптік бағдарлау жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 22 қарашасында «Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті» кафедрасы Экономика және басқару факультетімен бірге Қарағанды қаласының орта білім беретін мекемелердегі 11 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірі» атты пәндік олимпиада өткізді. Қазақ тілі пәні олимпиадасында бұрын белгіленген 60 оқушының орнына 68 оқушы қатысты.

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL