Тағы да жеңіспен оралдық!!!

Тағы да жеңіспен оралдық!!!

"Қаржы "мамандығының студенттері кезекті рет тамаша нәтиже көрсетті. Е. Бурдь, К. Гатаева, Лисиенко Н.В., Бапиев Р.М. студенттері «Банктік менеджмент және қаржылық нарықтар» кафедрасы оқытушысы, магистрі Идирисова А.Т. жетекшілігімен Астана қаласындағы "Тұран Астана" университетінің базасында өткен жоғары оқу орындары арасындағы пәндік олимпиадада 1-орынды иеленді.
Аталмыш олимпиадада студенттеріміз Астана және Алматы қалаларының озық студенттері арасынан үздік білімдерін көрсете білді. Шың жүректен, құттықтаймыз! Жарайсындар!

«Ленинградтың фашистік қоршаудан толық босатылуына 75 жыл» онлайн - дөңгелек үстелі

«Ленинградтың фашистік қоршаудан толық босатылуына 75 жыл» онлайн - дөңгелек үстелі2019 жылдың 26 ақпанында «Әлемдік экономика және Халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушы құрамы және студенттері «Тұран-Алматы» университеті ұйымдастырған «Ленинградтың фашистік қоршаудан толық босатылуына 75 жыл» атты халықаралық онлайн - дөңгелек үстеліне қатысты. «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Қасқанов Айдын, МО-11к тобы, және Есекеева Аннет, МО-12 тобы, мақалаларды дайындауда шағармашылық танытты. Олар Қарағанды қаласының мұрағатында талдау жұмыстарын жүргізді. Конференцияға Астана, Ресей және Алматы жоғары оқу орындары қатысты.

«Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы қаржылық, басқару есептеріндегі және аудиттегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы жобаларды талқылау

«Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы қаржылық, басқару есептеріндегі және аудиттегі өзекті мәселелер» тақырыбындағы жобаларды талқылау2019 жылдың 27 ақпанында сағат 14.00 университет қабырғасында «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға арналған жоспарға сай кезекті шара өткізілді. Отырыста еліміздің кәсіпорындарының қаржылық және басқару есептерінде кездесетін өзекті мәселелер төңірегінде зерттелген «Есеп және аудит» білім бағдарламасындағы студенттердің жоба, баяндамалары қарастырылды.

НЕВАДА-СЕМИПАЛАТИНСК: ӨТКЕН ЖЫЛДАРҒА КӨЗҚАРАС.

НЕВАДА-СЕМИПАЛАТИНСК: ӨТКЕН ЖЫЛДАРҒА КӨЗҚАРАС.

"Невада-Семипалатинск" қозғалысының 30 жылдығына орай Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде кітапхана "Экология және бағалау" кафедрасымен бірге студенттер мен оқытушылардың "Невада-Семипалатинск" ядролық сынаққа қарсы қозғалысының өкілдерімен суретші, белсенді, халықаралық "Атом" жобасының құрметті елшісі, "Құрмет" орденінің иегері Кәріпбек Күйіковпен және "Невада-Семипалатинск" қоғамының Қарағанды филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасының құрметті экологы Хамиев Марғұлан Хамиевичпен кездесу ұйымдастырды.
ҚЭУ қонақтары ядролық қаруға қарсы қозғалыстың құрылу тарихы, "Невада- Семипалатинск" қозғалысының нәтижесі туралы айтып берді. Сонымен қатар, "Экология және бағалау" кафедрасының және "Жастар Альясы" қоғамдық бірлестігінің "Невада- Семипалатинск" антиядролық қозғалысымен ынтымақтастығы мәселелері қарастырылды.

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

"ТІЛ ШЕБЕРІ" ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

"Орыс және шет тілдері" кафедрасы "Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар" кафедрасымен бірлесіп, қалалық мектеп бітіруші 11 сынып оқушылары мен ЭБҚК түлектері арасында жыл сайынғы "Тіл шебері" атты зияткерлік ойынын өткізді.
Жеңімпаздарға оқуға түсу үшін жеңілдік сертификаттары берілді:

1 орын-Балғабеков Айдын Жеңісұлы (№1 "Білім-инновация" Лицейі)
2 орын-Нұртаев Дінмұхаммед Асылханұлы (№1 Білім-инновация Лицейі)
3 орын-Колмагорова Мария Артемовна (№33 МБК КММ)

Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Барлық оқушыларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!

 

1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада

1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада

Шетел және орыс тілдер кафедрасы 1-ші және 2 -ші курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.

Ағылшын тілі бойынша жеңімпаздар (барлық мамандықтар бойынша студенттер арасында):
1-ші орын - Рахимова Толкын МЭ-12
2 -ші орын - Кадыр Назым ТУР-12
3-ші орын- Рашкявичуйте Алексия РД-12
Қытай тілі бойынша жеңімпаздар:
1 -ші орын- Моминова Малика МО-22
2 -ші орын - Шляхтина Вероника IB-22
3 -ші орын- Батықова Алия МО-21к
Орыс тілі бойынша жеңімпаздар:
1-ші орын- Абдыкаримова Аружан
2 -ші орын- Балымбетова Дана
3-ші орын - Шәріпова Сәнім

Араб тілі бойынша жеңімпаздар:
1 -ші орын - Антипова Виктория
2 -ші орын - Костюнина Мария
3 -ші орын - Бондаренко Александр
Олимпиадаға қатысқаны үшін бүкіл студенттерге алғыс айтамыз!!!

«Зерде» СҒҚ ақпараттық брифинг өткізді

«Зерде» СҒҚ ақпараттық брифинг өткізді2019 жылдың 22 ақпан күні «Достық» коворкинг орталығында «Зерде» СҒҚ-ның студенттердің республикалық олимпиадаларға, алыс және жақын шетелдердегі байқаулар мен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу бойынша ақпараттық брифинг өткізді.

«ҚЭУ-дегі Ашық есік күні»

«ҚЭУ-дегі Ашық есік күні»

2019 жылдың 23 ақпанында бизнес және құқық факультеті «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл шараға Қарағанды қаласы мектептері мен колледждерінен, сонымен қатар Көкпекті орта мектебінен 120 оқушы қатысты.
Болашақ мамандықтары мен ЖОО-дарын таңдау алдында тұрған түлектер оқу аудиторияларын, кітапхана мен факультеттің арнайы жабдықталған кабинеттерін үлкен қызығушылықпен қарап шықты. Кафедра меңгерушілері мен оқытушылары оқу бағдарламалары жайында ақпарат бере отырып, білім беруде қолданылатын жаңашыл құрылғыларды көрсетті.
Волонтерлер – бизнес және құқық факультеті студенттері, ҚЭУ-дегі қызықты студенттік өмірлері жайында мектеп түлектерімен бөлісе отырып, түрлі конкурстар дайындады, би жарыстарын ұйымдастырды, мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысты.
«Ашық есік күні» аяқталды, алдымызда – біздің болашақ студенттермен жаңа кездесулер күтіп тұр!
https://yadi.sk/d/U3-Grg9DHsZAuw

Әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы семинар

Әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы семинар20.02.2019 жылы мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі жайлы кездесу өтті. Кездесуде КРМ бас маманы Карсакова Гульнара Нурсултановна ҚЭУ студенттеріне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңына енгізілген өзгерістер жөнінде, мемлекеттік әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібі туралы баяндап берді. Карсакова Г. Н. студенттерге, біздің Республикамыздың патриоттары болып, шығармашылықты дамытып, отансүйгіш болуға тілек білдірді.

«Үштілді көшбасшы»

«Үштілді көшбасшы»2011-2019 жылдар ҚР Мемлекетінің тілді тұғырландыру мен дамыту бағдарламасы аясында бекітілген болатын. 2019 жылдың ақпанның 15-сі күні
Қарағанды қаласы Ресурстық тіл орталығы мен Университетіміздің көптілділік білім беру орталығы және «Шет тілі мен орыс тіл» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үштілді көшбасшы» интелектуалды байқауы өткізілді. Байқау үш тілді жетік меңгерген студенттер арасында болды(қазақ, орыс, ағылшын ). Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әдеттегідей жарыс соңында жеңімпазды анықтадық. МЭ-12 тобының студенті
Рахимова Толкын топ жарып жеңімпаз атанды. Әр қатысушы алғыс хатпен марапатталып, жеңімпазға мадақтама және естелікке сыйлық берілді.

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы

«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы2019 жылдың 15 ақпанында «Достық» Коворкинг орталығы» технологиялық бизнес инкубаторында «MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы бойынша мастер-класс өтті.
«MOST» бизнес инкубаторы ұсынған «Стартап: идеядан бизнеске дейін» курсы - кез-келген болашақ кәсіпкерге өз бизнесін құруға, инвестициялауға дайындық жасауға, инвесторлардың жобаларды қалай бағалайтынын түсінуге және олардың стартаптардың әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін қарқынды біріктірілген оқу бағдарламасы. .
Іс-шараны осы курсты өткен, ЭҚЗ ҒЗИ ғылыми қызметкері Орынбеков А.С. және «Азық-түлік тауарларының тауартануы» мамандығының 1 курс студенті Сакенова И. өткізді.
Кездесу барысында студенттермен сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus