Шеберлік сабақтар

«Мансап күні» жыл сайынғы күзгі жәрмеңкеде әлеуетті жұмыс берушілермен кездесу алдында түлектерге көмек ретінде шеберлік сабақтар өткізіледі. Онда түлектер пайдалы ақпарат алады: резюмені (түйінді) қалай дұрыс құрастыру, жұмыс берушімен қалай сөйлесу, өзінің жақсы сипаттарын қалай көрсету және көптеген басқа тренингтер туралы.
Шығарушы курстардың студенттері «Менің тамаша әңгімелесуім» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Бұл шараға біздің ЖОО барлық факультеттерінің болашақ түлектері қатысты.
Шеберлік сабағында жұмыс берушіге өзін қалай көрсету керек тренингі және 2 қызықты HR-тестілеу өткізілді:
- Люшердің психологиялық тесті;
- сабырлылыққа 12 қисынды есептер.
Жұмыс беруші қызметкерлер құрамын жұмысқа алу барысында осындай тестілерді ұсынуы мүмкін.
HR-тестілеуден түлектердің барлығы өтті, бұл Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері қисынды ойлап, дұрыс шешімдерді таба алатын білгір екендігінің айғағы

Электронный университет
3D тур КЭУ
Мы в контакте
Антиплагиат
Темпус