6В04108 Бағалау

Қарағанды экономикалық университетінде 6В04108 "Бағалау" білім беру бағдарламасы бойынша қабылдау жүзеге асырылады.

Бағалаушы – жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, жерді, акциялар пакеті мен бизнес үлесін, мүліктік құқықтарды, материалдық емес активтерды, яғни кез келген мүлік түрінің құнын анықтауға қабілетті маман.

ҰБТ тапсыру кезінде бейіндік пәндер - математика, география.

"Бағалау" білім беру бағдарламасының мақсаты: бағалау саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.

Сарапшы-бағалаушылардың кәсіби қызметінің объектілері:

  • жылжымайтын мүлік және жер;
  • қоршаған орта және табиғи ресурстар;
  • машиналар, жабдықтар және көлік құралдары;
  • жаңа технологиялар мен инновациялар;
  • инвестициялық жобалар;
  • материалдық емес активтер және зияткерлік меншік;
  • бағалы қағаздар;
  • кәсіпорындар.

Кәсіби қызмет түрлері:

- сараптамалық-бағалау;

- аналитикалық;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

- консультациялық;

- кәсіпкерлік;

- ұйымдастыру-технологиялық;

- білім беру (педагогикалық).

Бағалаушы-мамандар әрдайым сұранысқа ие болады, өйткені сапалы жан-жақты кешенді бағалаусыз меншіктің кез келген түрлерінің нарықтық құнын дұрыс анықтау мүмкін емес.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus