Сыртқы академиялық бағдарлама бойынша оқу - бұл мүмкін!

Сыртқы академиялық бағдарлама бойынша оқу - бұл мүмкін!

Бизнес және құқық факультетінің 1-3 курс студенттері ҚЭУ-дің Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және академиялық мобилділік орталығының директоры Шукушева Елена Викторовнамен және серіктес университеттерде оқыған бизнес және құқық факультетінің студенттерімен кездесуде бұған сенімді болды.
Студенттерге Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің серіктес университеттері, алмасу бағдарламалары, Еуропалық Одақтың Темпус және Эразмус Мундус жобалары, шетелде оқудың бағыттары мен формалары, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берілді.
Ксения Ланец ТУР-42 тобының студенті(Roma Tre University, Рим (Италия), Томашинов Саят РД-41к тобының студенті (Kodolanyi Jnos University of applied sciences, Будапешт (Венгрия), Косаева Лаура, СР-32 тобының студенті (University of Florence, Флоренция (Италия), Марат Алибек, РД-42 тобының студенті (Anadolu University, Эскишехире (Турция); ТУР-11НП тобының 1 курс магистарнты, бизнес және құқық факультетінің түлегі Джумалиева Сабина (Mendel University in Brno, Брно (Чехия) және Микадзе Лия (Kodolanyi Jnos University of applied sciences, Будапешт (Венгрия) Еуропаның ірі университеттерінде білім алу, алғашқы қиындықтар мен оларды жеңудің құпиялары, қызықты сапарлар және басқа елдердің студенттерімен жаңа танысу, тілдік тәжірибенің артықшылығы, баға жетпес тәжірибе жинау және ҚЭУ-ге үміткерлерді таңдауда объективтілік туралы айтты.
Еуропалық университеттерде оқыған Бизнес және құқық факультетінің студенттері ҚЭУ-де шетелде оқуға керемет мүмкіндік бар екенін бірнеше рет атап өтті, ол үшін сізге мақсат қойып, оған бару, шет тілін білуіңізді жетілдіру, факультет пен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу, және жоғары академиялық жетістіктерге ие болу қажеттігін атап өтті.

Университеттің студент жастарына арналған Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығының ақпараттық күндері

Университеттің студент жастарына  арналған  Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығының ақпараттық күндеріХалықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы 2019 жылдың 21, 23 және 30 қазанында университет факультеттерінің 1-3 курс студенттеріне арналған ақпараттық күндер өткізді.
Кездесулерде семестрлік және қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық бағдарламалары, гранттық бағдарламалар, қатысу шарттары, байқау кезеңдері және таңдау критерийлері туралы толық ақпарат берілді.

2019 жылдың 10 қазанында «ҚҚЭУ-де Эразмус + бағдарламасының халықаралық жобаларын іске асыру: қатысу тәжірибесі» атты #ErasmusDays 2019 ақпарат күні өтті

2019 жылдың 10 қазанында «ҚҚЭУ-де  Эразмус + бағдарламасының халықаралық жобаларын іске асыру: қатысу тәжірибесі» атты #ErasmusDays 2019 ақпарат күні өтті

- Корпан Ольга, Аитова Зария («Халықаралық қатынастар» мамандығы) Яноша Кодолани университеті (Будапешт қ., Венгрия));
- Марат Алибек («Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы) Анадолу университеті, (Анадолу қ., Түркия);

"Transition to University Autonomy in Kazakhstan" TRUNAK («Қазақстандағы университеттік автономияға көшу»), жобаны үйлестіруші. «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент Абдикаримова А.Т.;

"Establishment of Centers for Competence and Employability Development" COMPLETE («Құзыреттілікті дамыту және жұмысқа орналастыру орталықтарын құру»), жобаны үйлестіруші - стратегиялық даму департаментінің директоры, п.ғ.д., профессор Муликова С.А., жұмыс тобының мүшесі - аға оқытушы Талимова Г.У., Ресурстық орталықтың директоры, э.ғ.к., доцент Косе Ж.К.;

 

«Оқыту, оқыту және кәсіпкерліктің Ортаазиялық орталығы» CACTLE («Орталық Азияда оқыту, оқыту және кәсіпкерлік орталығы құру»), жоба үйлестірушісі - ҚББ директоры, PhD доктор, доцент Омарова А.Т., жұмыс тобының мүшелері: э.ғ.к., доцент Н.С. Улаков, э. ғ. к., доцент Н.Д. Кенжебеков;

Jean Monnet Module " Theory and Practice of European Integration " («Еуропалық интеграция теориясы мен практикасы»), жоба координаторы - «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Д.Т. Атабаева, жұмыс тобының мүшесі - ХБЖАжҰО директоры, аға оқытушы Е.В. Шукушева

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің профессорлары іс-сапармен келді

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің профессорлары іс-сапармен келді

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің профессорлары іс-сапармен келді

2019 жылдың 24 және 26 сәуір аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне Любляна қаласы (Словения) университетінің заң факультетінің қызметкерлері, белгілі ғалымдар, заң ғылымдарының докторлары профессор Дамьен Коросек және профессор Янеш Кранич сапармен келді. Сапардың мақсаты - білім және ғылым саласындағы жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізу, магистранттар диссертациялары бойынша дәрістер оқып, кеңесер беру және т.б.
Любляна университеті - 64 мыңнан астам студент және 5600 оқытушы, зерттеуші және басқа да қызметкерлерден тұратын елдегі ең ескі университет. Еуропадағы ең ірі университеттердің бірі: 22 факультет, 3 өнер академиясы және колледжден тұрады. 400-ден астам еуропалық және 100-ден астам халықаралық жобаларға, 150-ге жуық ғылыми бағдарламаларға және 210-нан астам іргелі жобаларға қатысады.
ARWU (Шанхай), Times және Webometrics рейтингтеріне сәйкес, Любляна университеті әлемдегі ең үздік 500 университеттің қатарына кіреді және білім беру саласындағы әртүрлі еуропалық бірлестіктердің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, «Утрехт желісі» Еуропадағы университеттер қауымдастығына кіреді. 2003 жылдан бастап Любляна Университеті ЕУА (Еуропалық университеттер Одағы) толыққанды мүшесі болып табылады, жоғары білім беру жүйесімен және зерттеу саясатымен байланысты мәселелерді талқылайды.
Профессор профессор Дамьен Коросек және профессор Янеш Кранич университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Аймағамбетовпен кездесті. Кездесу барысында университеттер арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, Любляна университетімен Қарағанды экономикалық университетінің студенттерін алмастырып оқыту мүмкіндігі, академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен оқытушылармен алмасу мүмкіндігі талқыланды. Қонақтар сондай-ақ, академиялық мәселелер және жаңа технологиялар жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты Р.О. Бұғыбаевамен кездесті. Қонақтар университеттер арасындағы қарым-қатынастар дамып, табысты, әрі жемісті болатынына үміт білдірді.

«Университетте білім беруді басқару 4.0» біліктілікті арттыру бағдарламасы

«Университетте білім беруді басқару 4.0» біліктілікті арттыру бағдарламасы2018 жылдың 14 мамыр мен 22 мамыр аралығында Қарағанды экономикалық университеті (Қазақстан) мен «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық ғылыми университеті (Ресей) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде Қарағанды экономикалық университетінің 15 қызметкері жоғарғы басшылық құрамынан 72 академиялық сағатты құрайтын «Университетте білім беруді басқару 4.0» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті. Курсты сәтті аяқтағаннан кейін қатысушыларға стандартты үлгідегі сертификаттар берілді.

«Ақпараттық технологиялар, менеджмент және қоғам 2018» атты халықаралық конференция, Латвия, Рига қ.

«Ақпараттық технологиялар, менеджмент және қоғам 2018» атты халықаралық конференция, Латвия, Рига қ.2018 жылдың 23-27 сәуір аралығында «Шет және орыс тілдері» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ертысбаева Г.Н. және Халықаралық бағдарламалар мен жобалар және академиялық ұтқырлық орталығының бас маманы Тарпанова Г.Ж. Исма университетінде (Рига, Латвия) өткен «Ақпараттық технологиялар, менеджмент және қоғам 2018» атты халықаралық конференцияға қатысты.

«VIII Халықаралық апта» Венгрия, Будапешт қ.

«VIII Халықаралық апта» Венгрия, Будапешт қ.2018 жылдың 9-13 сәуір аралығында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушылары, Видрицкая Н., Шукушева Е., «Менеджмент және Инновация» кафедрасының доценті Омарова А., «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының Альбекова М., «Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының оқутышысы Койлыбаева А., көптілді оқыту орталығының директоры Жунусова А., халықаралық бағдарламалар мен жобалар, академиялық ұтқырлық отралығының бас маманы Жангабулова Ж., және де Erasmus + Teaching Mobility бағдарламасы шеңберінде Атабаева Д. «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университетінде (Будапешт, Венгрия) өткен «VIII Халықаралық аптаға» қатысты.

Қарағанды экономикалық университетінің түлегі, PhD, Станислав Васильевич Югайдың онлайн-дәрістері

Өтпелі экономикасы бар елдердегі аграрлық даму Лейбниц институтының және Мартин Лютер Университетінің (Галле, Германия) докторанты, Ph.D. және Қарағанды ​​экономика университетінің түлегі Станислав Васильевич Югай 20-25 қаңтар 2021 ж. аралығында академиялық ұтқырлықтың жаңа формаларын дамыту аясында университет студенттері мен магистранттары үшін дәрістер курсын оқитын болады. Тақыры: «Қазақстандағы және Ресейдегі астық нарықтары: дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекшеліктері мен рөлі».

ТӨРТІНШІ #ERASMUSDAYS 2020 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮННІҢ ШЕҢБЕРІНДЕГІ «ERASMUS + БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ» АТТЫ ОНЛАЙН БАЙҚАУНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университеті Еуропалық Одақтың ERASMUS+ бағдарламасын кеңінен танымал етуге, осы бағдарламаның мүмкіндіктерін білуге, ERASMUS+ жобасына қатысушылардың нәтижелері мен тәжірибелерін көрсетіп, оларды қатысуға тартуға бағытталған «ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ» атты онлайн-байқауының нәтижелерін жариялайды.

Лемещенко Олеся, Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​экономикалық университетінің PhD студенті «Үздік бейне шолу» номинациясын жеңіп алды.

«Үздік пост» номинациясы бойынша магистр, «Әлемдік экономика және Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы, Атабаева Динара Талғатқызы жеңімпаз атанды.

«Үздік бейне әңгіме» номинациясы бойынша «Жалпы құқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Орынбеков Алмас Сабитұлы жеңіске жетті.

Ольга Корпан, студент, «Үздік фотосурет» (фотосуреттер сериясы) номинациясының жеңімпазы.

«ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ТЕРЕЗЕ» атты онлайн-байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

          Жарысқа қатысушыларға, көрермендерге, жанкүйерлерге, жазылушыларға алғыс айтамыз! Сіздер ең күштісіңдер!

#ErasmusDays 2020 төртінші Халықаралық күні аясында

#ErasmusDays 2020 төртінші Халықаралық күні аясында
«Erasmus+ арқылы Еуропаға терезе» атты онлайн байқауы

#ErasmusDays 2020 төртінші Халықаралық күні аясындаҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Еуропалық Одақтың Erasmus+ бағдарламасын кеңінен танымал етуге, осы бағдарламаның мүмкіндіктерін білуге, Erasmus+ жобасына қатысушылардың нәтижелері мен тәжірибелерін көрсетіп, оларды қатысуға тартуға бағытталған университет қоғамдастығы арасында «Erasmus+ арқылы Еуропаға терезе» атты онлайн-байқауын жариялайды. 

Ұйымдастырушының мәліметтері:

ҚҚЭУ, Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығы https://www.keu.kz/ru/intrel.html

Байланыс мәліметтері:  +7 (7172) 44-16-12 (вн.141)

E-mail:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сараево халықаралық университетіндегі халықаралық апта (1-5 маусым, 2020 ж.)

Сараево халықаралық университетіндегі халықаралық апта (1-5 маусым, 2020 ж.)

Құрметті университет қызметкерлері!
Сараево халықаралық университеті сіздерді 2020 жылдың 01 - 05 маусымы аралығында өтетін халықаралық оқу және жанасу апталығына қатысуға шақырады.
Халықаралық аптаның бағдарламасына: ұтқырлық саласындағы ең жақсы тәжірибемен алмасу бойынша семинарлар, атап айтқанда Эразмус + ICM халықаралық бағдарламасы аясында ағылшын тілінде дәрістер мен курстар өткізу практикасына қатысты мәселелерді талқылау, EAQUALS бағдарлама бойынша аккредиттелген ағылшын тілі мектебінің қызметкерлерінен кеңестер мен ұсыныстар алу кіреді
Халықаралық аптаның соңында қатысу сертификаты беріледі.
Шара туралы толық ақпаратты - https://internationalweek.ius.edu.ba/ сайтынан білуге болады.
Барлық сұрақтар бойынша ХБЖАҰО-на (268 каб.) хабарласыңыз.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus