Казахфильм

Казахфильм

"Қазақфильм" киностудиясы "Қасым ханға" арналған ірі ауқымды тарихи киножобаға қатысу үшін кастинг жариялайды. Көп сериялы фильм ең танымал қазақ билеушілерінің бірі туралы баяндайды.

 Қасым-хан — Шыңғыс ханның ұрпағы, 1511 — 1521 жылдары аралығында Қазақ хандығының билеушісі, Жәнібек ханның ұлы. Оның кезінде Қазақ хандығы гүлденіп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумақтарына бақылау орнатты.
Жобаның көркемдік жетекшісі - Метин Гюнай, түрік режиссері.
Басты, екінші дәрежелі және эпизодтық рөлдерге 3-тен 80 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер (ерлер, әйелдер және балалар) шақырылады.
Талаптар: қазақ тілін еркін меңгеру.
Кастинг біздің университетте 2019 жылдың 06 наурызында сағат 13.00 ден 16.00 дейн ҚҚЭУ Студенттердің мәдениет сарайында өтеді.
Әйелдерге қойылатын ерекше талаптар: кастингке макияжсыз, татуажсыз және ұзартылған кірпіктерсіз келуді сұраймыз. Кастингке қатысу тегін.

Барлық сұрақтар бойынша ҚЭУ ЖБО 127 кабинетке хабарласуға болады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Мы в контакте
Антиплагиат
Темпус