• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Құрметті талапкер!!!

Құрметті талапкер!!!

ҚЭУ-не  түлектерді қабылдау олардыңөтініштері бойынша конкурстық негізде 2016 жылдың 20 маусымынан бастап 25 тамызына дейінгі аралықтаҰБТ немесе ТКТ сертификаттарындағы баллдарына сәйкес жүзеге  асырылады.

Қарағанды экономикалық университеті шақырады:

  • оқудың күндізгі бөліміне 50 не одан жоғары баллы бар ҰБТ сертификатына ие мектеп түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін; 
  • оқудың күндізгі және сырттай-қашықтықтан оқыту бөлімдеріне қабылдау мақсатында өткізілетін Кешенді тестілеуге қатысу үшін колледж түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 9 шілдесіне дейін;
  • ҚР БҒМ Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 2016 жылғы шілденің 23-нен 31-не дейін;
  • екінші жоғары білім алу үшін - емтихансыз - 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін.  

Егер талапкер (мектеп не колледж түлегі) өту баллын (50 балл) жинамаса немесе  ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған жағдайда, онда ол ақылы негізде ЖОО-на қабылдануы үшін өткізілетін қайталанбалы кешенді тестілеуге (тамызда) қатыса алады.

ҰБТ немесе ТКТ (шілде айында) және қайталанбалы кешенді тестілеуден (тамыз айында) 50-ден кем балл жинаған сертификаты бар талапкерлер І курстың шартты тыңдаушысы ретінде оқытудың күндізгі түріне ақылы негізде бірінші семестрдің аяқталуына дейін қабылданады және ол қосымша кешенді тестілеуге (қаңтарда өтетін) қатыса алады.

Шетел азаматтарын жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдау әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі:

- кешенді тестілеугеқатысу үшін (колледж түлектері үшін) - 20 маусымнан 9 шілдеге дейін;

- қайталанбалы кешенді тестілеуге қатысу үшін  1 тамыздан 8 тамызға дейін;

- шартты түрде қабылданған тыңдаушылар үшін өткізілетін қосымша кешенді тестілеугеқатысу үшін 5 қаңтардан 12 қаңтарға дейін.

Өткізілу уақыты:

- кешенді тестілеу - 17 шілде мен  23 шілде аралығында;

- қайталанбалы кешенді тестілеу  19 тамыз бен 24 тамыз аралығында;

- шартты түрде қабылданған тыңдаушылар үшін қосымша кешенді тестілеу20 қаңтар мен 24 қаңтар аралығындаөткізіледі.

ЖОО-ға қабылданар кезде бір мамандықты таңдай отырып, І семестрден кейін сіздің басқа мамандыққа ауысуға мүмкіндігіңіз бар!!!

Біз сіздердің барлық сұрақтарыңызға мына байланыс телефондары арқылы жауап бере аламыз:

8 7212- 50-21-24, 8 7212- 44-15-72, 8 7212- 44-15-68, 8 7212- 44-16-24,

(қос.-6555 немесе 127)

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus