"Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!»

"Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!»

23 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде өткен "Мансап-2023" фестиваліне өңірдің 70-тен астам мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдары қатысты.
Оның басты идеясы – университет түлектеріне өзінің кәсіби траекториясын анықтауда, жұмыс берушілерге өз кәсіпорны үшін кәсіби кадрларды іздеуде жәрдемдесу, білім алушыларды бос жұмыс орындары мен практикадан өту мүмкіндіктері туралы хабардар ету.
Мансап фестивалі – бұл студенттер мен түлектер аймақтағы жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесіп, жұмыс жағдайлары, бос жұмыс орындары, тағылымдама және практика мүмкіндіктері туралы өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарды талқылай алатын бірегей алаң.
Фестиваль аясында алғаш рет "Топ түлек-қызметкер", "Менің бизнес-идеям", "Үздік экспресс-әңгімелесу" номинациялары бойынша конкурстар өткізілді.
"Топ түлек-қызметкер" номинациясы бойынша жеңімпаздар:
- "СарыАрқа Нан Қарағанды" ЖШС бас технологы, "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасының 2019 жылғы түлегі Далибаева Лайла Жартыбайқызы.
- "Банк ЦентрКредит" АҚ ҚФ директорының орынбасары, "Қаржы" білім беру бағдарламасының 2017 жылғы түлегі Дюсенов Рустам Кәкімжанұлы.
- Абай ауылдық округінің әкімі, "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының 2017 жылғы түлегі Кирей Владислав Дмитриевич.
"Менің бизнес-идеям" номинациясында ТПП-22-3 тобының Бизнес, құқық және технологиялар факультетінің студенті Бабакова Балым "Meat King" құралын жасау және пайдалану идеясымен жеңіске жетті.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Е. Б. Аймағамбетовтың қатысуымен университеттің конференц-залында өтті.
Мансап фестивалі – бұл жас мамандарға жұмыс табу немесе тәжірибе жасау тәсілі ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушілерге компанияның кадрлық резервін нығайту мүмкіндігі.
"Бүгінгі кездесулер компанияға келешегі зор жас мамандарды тартуға, олардың кәсіби әлеуетін бағалауға, түлектерге өздерін еркін сезінуге, өз таланттарын жақсы ашуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың белсенділігі мен жеке қызығушылығын байқау өте қуантады", - деп атап өтті Мансап және кәсіби даму орталығының директоры Жанэль Сагитова.

 

"Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!» "Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!» "Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!»
"Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!» "Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!» "Мансап фестивалі-2023" – Табысқа жету жолы осы жерден басталады!»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus