"Қонақ үй индустриясы: бүгін және ертең" семинар-тренингі

"Қонақ үй индустриясы: бүгін және ертең" семинар-тренингі

Біздің университет түлектерді табысты жұмысқа орналастыруды жүзеге асырылатын білім беру қызметінің тиімділігінің басты көрсеткіші ретінде қарастырады.

Мәселен, 2023 жылғы 17 қарашада "Туризм", "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі", "Халықаралық қатынастар" мамандықтарының бітіруші курс студенттері үшін "Қонақ үй индустриясы: бүгін және ертең" семинар-тренингі өткізілді. Семинарды "Reikartz" қонақүйлер желісін оқыту бөлімінің шақырылған маманы Антонина Носова өткізді. Reikartz Grup Otel-бас компаниясы Түркия Республикасында тіркелген халықаралық қонақ үйлер желісі. Қазақстанда, Өзбекстанда, Украинада, Грузияда, Түркияда, Швецияда және Германияда 80-нен астам қонақ үй нысандарын біріктіреді.

Семинардың күн тәртібінде келесі мәселелер қамтылды:

қонақ үй және санаторий-курорттық кешенді тиімді басқару;

 қонақ үй қызметтері нарығындағы маркетинг және жарнама, сондай-ақ сатуды басқару;

 қонақ үй кешені кәсіпорындарын материалдық-техникалық жарақтандыру;

 қонақ үй бизнесінде персоналды тиімді басқару;

 қабылдау және орналастыру қызметінің сапасын арттыру.

Семинардың негізгі нәтижесі-студенттердің клиенттерге қызмет көрсетудің көзқарастары мен дағдыларын меңгеруі. Бұл тәсіл қонақтың мәселесін оның күткеніне сәйкес сауатты және жедел шешу қабілетіне негізделген.

 "Қонақ үй индустриясы: бүгін және ертең" семинар-тренингі

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus